Қостанайдағы министрлерге арналған резиденция мүгедек балалардың игілігіне беріледі

Қостанайдағы министрлер мен шетелдік мәртебелі қонақтарды қабылдайтын резиденция мүмкіндігі шектеулі балалардың игілігіне беріледі.

Кешеннің аумағы екі гектарға жуық. Қонақ үйді күтіп баптауға мемлекеттік қазынадан жыл сайын 50 миллион теңге бөлінетін. Ғимаратта енді балалар денсаулығын түзейді. Мұнда психоневрологиялық ауытқуға ұшыраған және тірек-қимыл қозғалысына зақым келген балғындарды оңалтатын орталық пайда болады. Облыста екі мыңға жуық бала осындай дертке шалдыққан.

Жұматай Кәкімжанов, облыс әкімінің баспасөз хатшысы:

- 2021 жылы біздің облысымызда осындай балаларға жәрдем көрсететін бөлімше ашылған болатын. Бұл бөлімше 2022 жылы 191 балаға 14 күндік ем-шара қабылдауға мүмкіндік берген. Резиденцияны орталыққа айналдыру арқылы. Бір жарым жастан 18 жасқа дейінгі осындай 900 балаға емдік шара көрсету мүмкіндігі қарастырылып отыр.