«Теңізшевройл» компаниясының құрылғанына – 30 жыл

Еліміздің мақтанышына айналған «Теңізшевройл» компаниясының құрылғанына – 30 жыл. 

Осы уақыт аралығында өндірісі өркендеп, көкжиегі кеңейген кәсіпорынның бүгінде тек мұнай өндірісін өркендетіп ғана қоймай, әлеуметтік жобаларға салған инвестициясы да арта түскен.

Қазір кәсіпорын әлемдегі ең ірі мұнай кеніштерінің бірін игеріп, Қазақстан экономикасына елеулі үлес қосып отыр. Ал мерейтойға орай компания акционерлері мұнайшыларын арнайы құттықтап, алғыс айтты.

«Теңізшевройл» тәуелсіздік таңы атып, ел еңсе тіктеген шақта құрылып, кейін қара алтын өндірісін ұдайы ұлғайтып отырды. Елімізде өндірілетін мұнайдың үштен біріде – осы «Теңізшевройлға» тиесілі. Компания қызметкерлердің дамуына 93 миллион АҚШ доллар  инвестиция салып, жаңа технологияларды қолданды, сондай-ақ өндіріс қуатын жылына небәрі 1 миллион тоннадан 29 миллион тоннаға дейін ұлғайтты. Ал жақын арада бұл көрсеткішті 40 миллион тоннаға жетеді. Заманауи технологиялардың дамуы бұрын тиімсіз саналған жаңа мұнайлы қойнауқатты игеруге мүмкіндік береді.

Дерек Магнесс, «Шеврон» Еуразиялық бөлімшесінің басқарушы директоры:

- Теңіз - «Шеврон» дүниежүзілік портфелінің тәжісіндегі асыл тас. Мен үшін бүгін осындай бір маңызды сәтті сіздермен бірге атап өту үлкен құрмет. «Шеврон» және оның серіктестері Келешек кеңею жобасын қауіпсіз аяқтап, және осы жобаны өндіріске ойдағыдай енгізу үшін қолымыздан келетінімізді аямаймыз.

Соңғы үш онжылдықта ТШО Қазақстан экономикасына 176 миллиард АҚШ долларынан астам қаржылық төлемдер жасаса, оның ішінде 43 миллиард АҚШ долларынан астамы жергілікті тауарлар мен қызметтерге жұмсалған. Осылайша компания отандық өндірушілерді қолдап отыр. «Теңізшевройл» жұмысшыларының 95 пайыздан астамы  өз отандастарымыз екенін айта кету керек.

Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:

- Келісімге қол қою кезінде жобаның алдына бірден нақты міндет қойылды - мұнайды қауіпсіз және үздіксіз өндіруді қамтамасыз ету, Қазақстан бюджетіне төлемдерді уақтылы жүргізу және жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Біз ТШО-ның 30 жыл бойы өзіне алған міндеттемелерін ұстанғанын көргенімізге қуаныштымыз.

ТШО Қазақстанда жұмыс жасаған 30 жыл ішінде елдің экономикалық ілгерілеуіне көмектесті және оның жаһандық энергия өндірушісі ретіндегі маңызды ұстанымына қолдау көрсетті. Бұл компанияның Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттемелерін мінсіз орындап отырғанын көрсетеді.

Авторы: Айнұр Қуатқызы