Алматы облысы Жамбыл ауданында мал басы өсіп келеді

Мал басы көбейіп келеді. Бір ғана Алматы облысының Жамбыл ауданы биыл қой санын 165 млн басқа жеткізбек. Жергілікті шаруалар малды көбейту ғана емес, оның сапасына да мән бере бастаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нұри Хилаевтың шаруашылығы осыдан 10 жыл бұрын құрылыпты. Қазір шаруашылықта 3 мыңға жуық қой, 370 бас ірі қара бар. Мал төлдету ақпан айынан бері жалғасып келеді. Осы күні аяқталып қалған. 10 жылда өрісі  кеңейген шарушылық иесі «биыл 100 қойдан 96 қозы алдық. Көрсеткіш жақсы» дейді.

Нұри Хилаев, шаруа қожалығының басшысы:

- Малды көбейтсек деп едік. Асылдандыру керек малды. Өзімде 90 бас асыл тұқымды мал бар. Сауын сиыр. Алатау. Енді соны әрі қарай жалғастырсақ деп едік. Мақсат мал өсіруді әрі қарай жалғастыру. Жастарды тәрбиелеу.

Жалпы, Жамбыл ауданында мал шаруашылығымен айналысатын 550 шаруа қожалығы бар. Мал саны жөнінен аудан облыста бірініш орында келеді. Соңғы 15 жыл ішінде мал басы 5 есе өсті. Бұл күні ірі қара 120, жылқы 45  мыңға жетіп отыр. Өткен жылы шаруа қожалықтарына малды асылдандыру мен түрлендіру мақсатында мемлекеттен 2 млрд теңге көлемінде субсидия берілген.

Дүйсенәлі Еңкелешов, инспектор-зоотехник:

- Осы айдың аяғында төл кірістеледі. Қой кірістелгенде саны 1 млн 200  мыңға жетеді. Асыл тұқымды малдың үлесі ірі қаранікі 12 %, қойдікі 11%. Былтыр мысалы 350 шаруа қожалығы 375 мың саулық қойға субсидия алды.

Облыста мал шаруашылығын дамытудың жоспарына сәйкес асыл тұқымды ірі қара мен қойды лизингке сатып алу бағдарламасы бар. 2,5% жеңілдетілген несие 10 жылға беріледі. Бұл бағдарламаға қатысуға облыс бойынша 27  шаруа қожалығы өтініш берген.

Авторлары: Алмас Садуақас, Аят Дүйсембаев.