Павлодарда 10 саябақ аумағы жөнделеді

Павлодар қаласында саябақ аумақтарын көркейту бойынша ауқымды жөндеу жұмыстары басталады.

Субұрқақтар, спорттық алаңдар мен демалыс аумақтары ретке келтіріледі. Сонымен қатар, ондаған шағын футбол алаңы салынады. Тұрғындардың бар жағдай жасалады. Жағалау аумағында бірнеше павильон бой көтеріп, кәсіп ашуды мақсат ететін азаматтарға конкурстық негізде жалға беріледі. Жуық арада кәсіпкерлер арасында байқау жарияланады. Қызмет көрсету сапасы мен бағасы халық үшін қолжетімді болады деп күтілуде.

Батыр Мұталапов, қалалық кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

- Кәсіпкерлерге қойылатын бірнеше талап бар. Біріншіден, кем дегенде бес жұмыс орны ашылуы тиіс. Бизнесмендер санитарлық және өрт қауіпсіздігі талаптарын орындаулары шарт. Олардың қызмет көрсету сапасы мен бағасы тұрақты түрде тексерілетін болады. Сонымен қатар, павильондарда бейнебақылау камералары мен дабыл түймелері орнатылуы керек.