Көкшетауда жедел жәрдем көлігін өткізбеген жүргізушілер жауапқа тартылды

Көкшетауда жедел жәрдем көлігін өткізбеген 3 жүргізуші жауапқа тартылды. 

Жол тәртібін бұзғандар арнайы ұйымдастырылған рейд кезінде анықталды. Дәрігерлердің айтуынша, соңғы уақытта жедел жәрдем көлігін өткізбек түгілі, жолын әдейі кесіп өтетіндер көбейген. Жалпы жыл басынан бері 3 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Былтыр жедел жәрдем көлігінің қатысуымен 6 жол апаты болды. Поиция мен дәрігерлер бірлсіп өткізген рейд облыс аумағында жалғасады. 

Александр Высоцкий, облыстық Жедел жәрдем бекетінің бас дәрігері:

- Бізде жүргізушілер тәртібі өте ақсап тұр. Әсіресе жүргізуші куәлігін енді алған жастар жол-көлік оқиғасын көп жасайды. Сондай-ақ көмекке асыққан жедел-жәрдем көлігін де өткізбейді. Тіпті былтыр жөл-көлік оқиғасына түскен біздің жүргізушілер кінәлі деп таңылды. Біз осындай шара арқылы көлік тізгіндеушілеріне жедел жәрдем жұмысының маңыздылығын түсіндіргіміз келеді.