Қарағандыдағы орталық саябақта көлшік пайда болды

Мұнда бұрын балалар бассейні болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кейін коммуналдық техникалардың тұрағына айналған. Өткен түні осында құбыр жүйесінің құдығынан су ағып, саябақ көлкіп шыға келді. Ақауды анықтау үшін қаланың кей аудандарында біраз уақытқа ауызсуды тоқтатқан.