Арқалықта бала өлімі 40%-ке көбейіп кеткен

Арқалықта бала өлімі 2022 жылы 40 пайызға артқан.

Оның негізгі себептері – медицина кадрларының тапшылығы мен денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасы деңгейінің төмендігі. Нәтижесінде халықтың 50% астамы басқа өңірлерге көшіп кетуге мәжбүр боп отыр. Бүгін мәжілісте депутат моно қалалардың мәселесін көтерді. Қазақстанда 27 моноқала бар және оларда 1,4 млн адам тұрады. Көбісінде ұқсас, шешілмеген проблемалар аз емес. Негізгілері халық санының азаюы, жоғары жұмыссыздық деңгейі, инженерлік, көлік инфрақұрылымның тозуы. Осыған орай ұлттық экономика министрлігі мен әкімдіктер 10 қаланы әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірлеген. Осы күнге дейін ол жаспарларды Үкімет әлі бекіткен жоқ. Яғни 2023 жылдан бастап іске асырылуы тиіс Кешенді жоспарлар әлі орындалмай отыр, деді депутат Берік Бейсенғалиев.