Ұлытауда қарқынды құрылыс басталады

Ұлытау өңірді дамытудың кешенді жоспарын қарқынды дамытуға енді кірісті.

Облыс орталығы Жезқазғанның батыс бөлігінде тұрғын үй салуға арналған аумақта қазір жер қазу және тегістеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл маңда 792 пәтерге шақталған 11 үй салынады. Жоба мемлекеттік сараптамадан сәтті өтті. Қаржы республикалық қазынадан бөлінеді. Құрылыс жұмыстарына екі мердігер тартылған. Бұл биыл жүзеге асатын жұмыс көлемі. Келер жылғы жоспар да ауқымды. Жалпы облысты дамытудың кешенді бағдарламасы аясында алдағы 2 жылда көп қабатты 28 тұрғын үй салынбақ. 

Ұлантай Үсенов, облыс әкімінің орынбасары:

-Жұмысты тездету үшін жекеменшік компаниялардың жеріне өздеріне жоба жасаттық. Сол екі компания өздері сараптама жүргізді. Жаз бойы, күз бойы жұмыс жүреді. Келесі жылы бәрі ойдағыдай болса бірінші жартыжылдықта осы 11 үйді тапсырамыз ба деген жоспарымыз бар.