Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді.

Жиында экология және су қауіпсіздігі мәселесі сөз болды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұрыннан келе жатқан көптеген өндіріс орны, көмір жағатын электр станциялары мен қазандықтар – экологиялық ахуалдың нашарлауына әкеп соқты. Бұл ретте Президент, Үкіметке ұлттық экологиялық стандартты әлемдік деңгейге сәйкестендіру және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша бірқатар тапсырма жүктеді. Бұған қоса халықты ауызсумен қамтамасыз ету және су қорын келешек ұрпаққа сақтау үшін жан-жақты шаралар қабылдау қажеттігін айтып, уәкілетті мемлекеттік органдарға міндет жүктеді.