Қонаевтың кәріз жүйесі жарты ғасыр бойы жаңартылмаған

Қонаев қаласында кәріз жүйесі әбден тозған.

50 жыл бұрын салынған су тазалағыш  қондырғы да әбден ескірді. Құбырларды ауыстырмаса, кез келген уақытта апат болуы мүмкін-дейді мамандар. Құрылыс қарқыны артып, халық саны өсіп келе жатқан қаланың басты мәселесі қашан шешімін табады?

Батыс жақтан жел соқса қаланың 5-ықшам ауданын  жағымсыз иіс жайлап алады. Сасық ауа төңірекке тез тарайды.

«Әсіресе жаздың ыстық күндерінде тіпті қиын. Есік-терезелерді қанша жапсақ та иіс оңайлықпен кетпейді», - дейді тұрғындар. 

Ғалия Әміреева, қала тұрғыны:

- Бізде канализацияны ауыстырмаған трубаларды. Соның иісі келеді. Соны жаңартса. скл  КСК-лар жұмыс істемейді. Подвалды тазаламайды. Бықсып жатады бізде. Сол жағын қараса. 

Роза Омарбекқызы, қала тұрғыны:

- Неше жыл, 30-40 жылдай тұрып жатырмыз өмірі салған жоқ. Су ақпайды ол жерден бәрібір. скл «сточный канаваларды салған ғой темірмен жауып. Ол бітелген. Су бәрібір келмейді, ақпайды. 

Тұрғындар пайдаланған лас  су осы жерге жиналады. Бұл нысан 1968 жылы яғни, Қапшағай қаласының іргесі қаланғанда салынды. 

Алмас Садуақас, тілші:

- Елу жылда күрделі жөндеу жасалмаған  кәріз жүйесінің бүгінгі ахуалы аянышты-ақ. Құбырлар шіріп, әр жерден тесілген. Осы су тазалуыш жүйе арқылы күніне 25 мың текше метр су өтеді. 

Қаланың басты мәселесін жуық арада реттеу үшін биыл бюджеттен 10 млрд.теңге бөлінген. Бұл қаржы 11 су сорғыш станцияны жаңғыртуға  жұмсалады.  Қазір ағымдық жұмыс басталып, жыл басынан бері бір жарым шақырым  құбыр ауыстырылды. Ал кәріз жүйесін толық жаңалау мемлекеттік және жеке-меншік әріптестік бағдарламасы негізінде іске асады -дейді әкімдік өкілдері. 

Дархан Қарақонысов, Қонаев қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

- Қазіргі таңда техникалық құжаттар дайындалып жатыр. Екінші этапта қандай компания сәйкес келеді соған біз скл хаттама жібереміз. Бұл жерге 100% жаңа КОС салында  жаңа технологиямен. 

Қонаевта қазір 55 мыңнан астам адам тұрады. Қалада 240 көп қабатты тұрғын үй бар. Бұған әлеуметтік нысандарды, мемлекеттік мекемелер мен сауда ғимаратарын қосыңыз. Барлығы орталықтандырылған су жүйесіне қосылған.  Одан бөлек, жаңа үйлер мен түрлі нысан салынып жатыр. Сондықтан кәріз жүйесін салу кезек күттірмес  мәселе болып тұр. Жалпы жобаның құны 15 млрд теңгені құрайды. «Екі айдан кейін басталатын құрылыс екі жылда аяқталуы тиіс» дейді мамандар.

Алмас Садуақас, Аят Дүйсембаев