Жетісу облысында пәтерлер заңсыз таратылған

Жетісу облысында мыңнан астам баспана оңды-солды таратылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пәтерді заңсыз алғандардың қатарында мемлекеттік қызметкерлер, тілшілер, спортшылар мен әртістер бар. Бұл туралы өңір басшысы Бейбіт Исабаев халық алдындағы есеп беруінде айтты. Заңсыз үлестірілген баспананың жартысынан астамы бүгінде мемлекет меншігіне қайтарылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қазір қылмысқа қатысы барларды анықтап жатыр. Сорақысы сол, 20 жыл бойы жүргізілген кезектің қағаз және электрондық нұсқадағы тізімі қасақана жойылған. Қазір облыста шамамен 30 мың адам пәтер кезегінде тұр.