Шымкентте әр 15 минут сайын бір сәби дүниеге келеді

Шымкентте 4-ші перзентхана салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің айтуынша, жаңа нысан 2025 жылға дейін ел игілігіне тапсырылады. Перзентхана 200 орынға шақталған. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Сондай-ақ алдағы 3 жылда 800 орындық университет клиникасы мен 6 жекеменшік медициналық орталық ашу жоспарланып отыр.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі:

- Шымкент қаласының тұрғындары әр жылда ұлғайып, кемінде 33 мың бүгінгі күнде азамат дүниеге келеді. Енді статистикадан әр 15 минутта бүгінгі күнде бір тұрғын келіп жатыр. Енді ол бағытта бүгінгі күнде заманға сәйкес ыңғайлы болуы үшін перзентхана салынуы керек. Сол үшін Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 200 орындық заманауи перзентхана салынсын деп тапсырма берді.