Павлодар облысындағы ауылдардың 97% сапалы ауыз суға қол жеткізеді

Биыл Павлодар облысындағы ауыл тұрғындарының 97 пайызы сапалы ауыз суға қол жеткізеді.

Бұған аймақ қазынасынан 15 миллиард теңге жұмсалады. Ірі ауылдар орталықтандырылған су жүйесіне қосылса, тұрғыны аз елді мекендерде кешенді блок-модуль салынады. Қазір бұл өңірдегі ауылдарда 220 мыңнан аса адам тұрады. Былтыр біраз елге тіршілік нәрі уақытылы жетпеген. Жауапты мамандар қазір соның шешімін қарастырып жатыр.

Ержан Салханов, ТҮКШ және энергетика басқармасының басшысы:

- Баянауыл ауданында мердігерлердің жауапсыздығынан төрт жоба тұралап қалды. Бұл кәсіпорынды әкімдік сотқа берді. Жобаларды жүзеге асыру үшін сметалық құжаттама қайта жасалды. Қосымша 650 млн теңге бөлінді. Жобалар жыл соңына дейін толық аяқталады.