Жамбыл облысында аптап ыстықта жедел жәрдемге жүгінгендер көп

Жамбыл облысында аптап ыстыққа байланысты жедел жәрдемге тыным жоқ.

Өткен айда 1400 қоңырау түссе, қазір 1800-ге дейін көбейген. Медициналық көмекке ересектермен қатар балалар да жүгінеді. Облыс бойынша 90-нан аса жедел жәрдем көлігі шақыртуларға шығады. Дәрігерлер ыстық ауа райы созылмалы ауруы бар адамдарға қауіпті екенін ескертеді. Қазір оңтүстік аймақтарда ауа температурасы 40 градусқа дейін жетті.

Әлихан Мирсейітов, облыстық жедел жәрдем станциясының аға дәрігері: 

- Шақырту санының көбеюі мысалы қан қысымының көтеріледі, жүрек қан тамырларының ұстамалары және бас ми қан айналым бұзушылықтары. Күн ыстықта қазір мысалы ішек инфекциялары көбейіп жатыр қазір. Оқыс жағдайлар да көбейіп жатыр. Мысалы суға тұншығу суға бату деген сияқты.