Ақмола облысында шомылу маусымы басталғалы 8 адам суға кетті

Оның үшеуі бала. Қайғылы оқиғалар суға түсуге тыйым салынған жерлерде тіркелді.

Мас күйде суға сүңгіп, өмірін қатерге тіккендер тыйылар емес. Жаз бойы ішімдік қабылдап шомылуға бекінген 500 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Диас Әмірханов, облыстық ТЖД басқарма бастығының м.а:

- Шомылу маусымы басталғалы 105 су айдыны тексерілді. Соның 88-і суға түсуге жарамды болса, 17-сі қауіпті деп танылды. Сондай-ақ, 213 қоғамдық құтқарушы оқудан өтті. Судағы қайғылы жағдайдың алдын-алу мақсатында 2 мың ерікті жұмылдырылған.