14 шілде күні Қазақстанда Kaspi Жұма басталады

14 шілде күні Қазақстанда Kaspi Жұма бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесі басталып, 3 күнге созылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

100 мыңнан астам дүкен Kaspi.kz-пен бірге бүкіл қазақстандықтарды қуантуға дайын.

Ауа баптағыштар, құрылыс заттары, жиһаз, үй мен саяжайға арналған тауар, велосипедтер мен бассейндер және басқа да сұранысқа ие тауарларды 14,15,16 шілде күні Kaspi Жұмада сатып алған тиімді. Барлық затты 24 айға процентсіз және артық төлемсіз бөліп төлеу арқылы алуға болады. Ал Kaspi.kz интернет дүкенінде Kaspi Gold арқылы сатып алсаңыз, 10% бонус та береді.

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы:

- Дәстүр бойынша жазғы Kaspi Жұманы тағы да өткіземіз. Бұл – 8-ші Kaspi Жұма, бұл жолы бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесіне еліміздегі 100 мыңнан астам үздік дүкен қатысады. Kaspi.kz-тегі интернет-дүкенде 3,5 миллионнан аса алуан түрлі тауар ұсынылған, оларды үйге немесе 4400-ден астам Kaspi Postomat-тың біріне тегін жеткізу арқылы сатып алуға болады. Әрбір клиентімізге тиімді зат сатып алуын, серіктестерімізге сауда көлемінің өсуін тілейміз!

Kaspi Жұмаға жетекші компаниялар мен брендтер қатысады. Тиімді сауданы Kaspi.kz интернет-дүкенінде немесе серіктестердің дүкендерінде жасауға болады.

Карен Нерсесян, «Леруа Мерлен Қазақстан» гипермаркетінің директоры:

- Kaspi Жұмаға үшінші рет қатысып отырмыз. Бұл жолы офлайн ғана емес, бірінші рет онлайн түрде де қатыспақпыз. Енді Қазақстанның барлық аумағындағы тұтынушылар біздің дүкеннен, веб-сайтымыздан, kaspi marketplace арқылы да 40 000-нан астам затты сатып ала алады. Бұл күндері қызметкерлерді де, тауар қорын да көбейтеміз. Біз бұрын болмаған бірнеше қызмет түрін қосып жатырмыз, сондықтан дайындық қызу. Барлық клиентті күтеміз және көңілден шығуға тырысамыз.

Рысбек Ордабаев, «Эйкос» ЖШС менеджері:

- Біз биыл Kaspi Жұмаға жетінші рет қатысып отырмыз. Бұл науқанды клиенттер де, біз де асыға күтеміз. Kaspi Жұма кезінде біздің саудамыз 3 есеге дейін көбейді. Қойманы алдын-ала толтырамыз. Қызметкерлерді де көбейтіп жатырмыз.

Бүкілхалықтық сатып алу мерекесіне үздік дүкендер ғана емес, курьерлік компаниялар да дайындалады.

Қайрат Мұқан, ZAMMLER қабылдау пунктінің жетекшісі, Kaspi.kz жеткізу бойынша серіктесі:

- Біздің компания Kaspi Жұма кезінде барлық Kaspi-ге түскен тапсырыстарды өзімізге қабылдап, барлық аймақтарға жібереміз. Kaspi Жұма кезінде тапсырыстар 3-4 есеге көбейеді. Қазіргі кезбен салыстырғанда, мысалға, күніне10 мың тапсырыс деп алатын болсақ, Kaspi Жұма кезінде 40 мың-50 мыңға дейін көбейеді.

Әлемнің көптеген елінде тиімді сатып алу мерекелері бар. Мұндай дәстүр Қазақстанда да танымал. 8-ші Kaspi Жұма 14, 15 және 16 шілдеде өтеді.