Алматыда күн райы күрт құбылды

Бүгін Алматыны шаңды дауыл басты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күн райы түстен кейін күрт құбылды. Екпінді жел бұлтпен бірге шаңды айдап келген. Кейін нөсер құйып өтті. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, дағдарыс орталығына ағаштардың құлағаны жайлы 6 хабарлама түскен. Салдарынан электр желілері зақымдалып, 9 көше жарықсыз қалды. Троллейбустар да тоқтады. Медеу ауданында қатты жел 5 қабатты үйдің шатырын жұлып әкеткен. Кейінгі бірнеше күн бойы Алматыда аптап ыстық тұрған еді. Күндіз температура +40 градусқа дейін жеткен. Қазгидромет ертең де күн ыситынын болжап отыр.