Павлодар облысында тыйым салынған жерде шомылу әдетке айналды

Павлодар облысында тыйым салынған жерлерде суға шомылуды әдетке айналдырғандар күрт көбейді.

Осы күнге дейін 300-ге жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға бір миллион теңге айыппұлы салынды. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда екі есе көп. Жағалауда ішімдікке бой алдырып, жұрттың мазасын алған 180 павлодарлыққа қатысты шара қолданылды. Қазір аймақ бойынша шомылуға арналған 47 жағажай бар.

Олег Трещев, ТЖД бастығының орынбасары:

- Облыс аумағында шомылуға тыйым салынған 177 орын бар. Қауіпті жерлер жергілікті әкімдіктердің қаулысымен бекітілген. Ертістің кез келген жағалауын қауіпті деуге болады. Өзеннің ағыны күшті, терең жерлер көп болуы мүмкін. Бұл орындарда құтқару бекеттері жоқ.