Қарағанды облысында жылу беру маусымына дайындық тексерілді

Қарағанды облысындағы жылу орталығындағы 3 қазандық пен 3 турбиналы генераторды жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда 7-ші қазандықты салу бойынша жоба кешіктіріліп жатыр. Аталған нысанда жұмысшылар жетіспей, негізгі жабдықтар уақытылы орнатылып жатқан жоқ. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қарағанды облысына сапары барысында жүргізіліп жатқан жұмыс барысын тексерді. Вице-премьер жауаптыларға құрылыс-монтаждау жұмыстарының уақытылы аяқтау қажеттігін айтып, ескерту жасады.

Сондай-ақ Роман Скляр Шахтинск, Топар және Қарағандыға барып, бірқатар энергия көзін аралады. Бүгінгі күні «Топардағы» станцияның жөндеу жұмыстары 60%-ке орындалды. Ал 75%-ке тозған «Шахтинск» жылу орталығында биыл 3 қазандық пен 2 турбина жөнделіп жатыр. «Қарағанды Энгергоорталық» компаниясы да тұтынушыларды жылумен қамтамасыз етпек. Алдағы маусымға дейін 16 қазандық пен 10 турбина жөнделеді. Биылғы жөндеу жұмыстарының жалпы құны 13 миллиард теңгеден асады.