Президент Вьетнамның әскер тарихы музейіне барды

Мемлекет басшысы нысанның ашылу тарихымен танысып, экспонаттар қойылған залдарды аралап көрді.

Ханойдағы әскери музей орналасқан Корольдік цитадель ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген. Отыз залы бар мұражайда 160 мыңға жуық жәдігер мен құжат сақталған. Олар Вьетнамның құрылу және қарулы күштерінің даму тарихымен байланысты. Сондай-ақ, бұл жерден кезінде елдің тәуелсіздігі үшін болған ұрыстарда қолданылған соғыс машиналары мен қаруларын да көруге болады.