Ақтауда резиденция жері мемлекетке қайтарылды

Ақтауда резиденция орналасқан жер телімі мемлекетке қайтарылды.

Уәкілетті орган мәліметінше, «Самал-2» шағын ауданындағы жердің аумағы 225 гектардан асады. Учаскенің нысаналы мақсаты - демалыс ғимараттарын салу деп көрсетілген. Бастапқыда мұнай компаниясына беріліп, кейін жеке компанияға сатылады. Осы кезде Ақтау қаласы әкімдігінің заңбұзушылыққа жол бергені анықталып отыр. Нақты айтсақ, жер орны комиссия қорытындысыз және жобасы жасақталмаған күйде серіктестікке өткен.