Суармалы жер көлемі ұлғаяды

Келер жылдан бастап Қарағанды облысындағы суармалы жер көлемі 4 мың гектарға ұлғаяды.

Өңірде егістік алқаптарды қалпына келтіру бойынша жол картасы әзірленді. Инвестициялық жоба бес ауданда жүргізіледі. Бұл ретте мемлекет шығынның жартысын өтеп, фермерлерге қолдау көрсетпек. Соның бірі Абай ауданының шаруалары. Олар биыл 43 мың гектарға  дақыл еккен. Алайда құрғақшылық салдарынан шығын көп. Суармалы жерді ұлғайту аясында Абай ауданы, Құлайғыр ауылының маңындағы қараусыз қалған жер қайта жанданды. Қазір Жаманжол су бөгеті қалпына келтіріліп жатыр. 2026 жылға дейін осындай 7 инвестициялық бағдарламаны іске асыру жоспарланған. Оған 8 млрд теңге құйылады.

Батыржан Оразбеков, Абай ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:
- Болашақта 500 гектар жерді игеретін күш-қуаты бар. Өкінішке қарай біз сумен толық қамти алмай отырмыз. Қазір ауылдың жанында Құлайғыр бөгеті бар. Ол жерде бұл кісінің 180 гектар суармалы жердің бүгінгі күні судың тапшылығынан 20 гектар жерге ғана картоп өндіріп, соны суарып отырмыз. Болашақта ылғал болып, бөгеттерге жөндеу жұмыстарын жасап, көктемгі суды ұстап қалсақ бұл шаруа қожалығы 500 гектарға дейін суармалы жерді игеретін күш-қуаты бар.