Самокаттарға қатысты ереже күшіне енді

Бүгіннен бастап елде самокаттарға қатысты жаңа ереже күшіне енді.

Бұдан былай электрлі қозғалтқышы бар көлік түрлерін тізгіндеу үшін міндетті түрде жүргізуші куәлігі болу қажет. Тағы арнайы бас киімді де кию керек. Самокаттар мен мопедтерге жолдың оң жақ бөлігінде, өзге көлік ағынымен қатар жүре алады. Ал тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолында жылдамдықты сағатына 6 км-ден асырмау керек. Ал түнгі уақытта киімде жарық шағылыстыратын элементтің болуы міндеттеледі. Ережеге бағынбағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бірден 17 250 теңге көлемінде айыппұл арқалайды. Жыл басынан бері елде осы самокаттардың қатысуымен 11 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 1 адам көз жұмған. Тағы 14 адам түрлі дене жарақаттарын алды.

Мұрат Сәрсембеков, Астана қаласы ПД жергілікті полиция басқармасының аға инспекторы:
- Егер 16 жасқа толмаған жасөспірімдер құрал көлігімен меңгерсе, онда оның ата-анасы немесе заңды тұлғасы айыппұл арқалайды.

ҚР Әкімшілік кодексіне байланысты бұл бап бойынша ескерту болмайды.