Риддерде жылу маусымына дайындық қызу жүріп жатыр

Риддерде кезекті жылу маусымына дайындық қызу жүріп жатыр.

Жылу энерго орталығын жөндеуге 12 бірдей мердігер ұйым тартылған. Бригадалардағы жұмысшы саны 300-ден асады. Қазір олар орталықтағы 6 қазандықты жөндеп жатыр. Екеуінің жөндеуі қыркүйектің 20-сына дейін аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар, электр цехындары қуат трансформаторы, отын беру цехы да жаңғыртылады.