Президент қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Азматтардың жекелеген санаттары үшін құмар ойындарға қатысты шектеулер күшейтіледі.

Бүгін Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізіп, жауапты мемлекеттік органдарға осындай міндет жүктеді. Отырыс барысында Президент елімізде құмар ойынға тәуелділік белең алып бара жатқандығын атап, Лудоманияға қарсы күресте тәрбие ісі мен түсіндіру жұмыстарына ерекше мән берілуге тиіс екендігін айтты. Қ.Тоқаев елімізде лудоманияның белең алуына қарсы бағытталған әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруда қоғамның, дін қызметкерлерінің және бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын рөлі ерекше екенін де атап өтті. Тағы кеңес барысында Мемлекет басшысы ойын бизнесі саласындағы қаржылық және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жандандыру қажет екеніне назар аударды. Жиын қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев халық арасындағы құмар ойынға тәуелділікпен күресу үшін заңнамалық, ұйымдастырушылық және ақпараттық-идеологиялық шаралар кешенін қабылдауды тапсырды.