Қарулы Күштер 19 мың сарбазбен толығады

Әскерге күзгі шақыру барысында еліміздің Қарулы күштері 19 мыңнан аса сарбазбен толықпақ.

Мұны Қорғаныс министрлігі департаментінің бастығы Бауыржан Артықов мәлімдеді. Ол сондай-ақ мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен бөлісті. Қазіргі уақытта мерзімді қызмет сарбаздарына, кредиттік демалыс беру шаралары қолға алынған. 5 мыңнан аса азаматтың, несиелік төлемдері кейінге қалдырылды. Және борышын өтеген сарбаздарға 70-тен астам жоғары оқу орнында, қосымша жеңілдіктер қарастырылған.

Бауыржан Артықов, ҚР Қарулы Күштері бас штабы департаментінің бастығы:

- Азаматтарды күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды. Қазіргі әскери шақырудың ерекшілігі ол ашықтылықтың артуы. Қазіргі уақытта тұрғылықты орын ауыстыру кезінде әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке қоюды және әскери есептен алуды автоматты режимде жүзеге асырылуда.