«Жер-2023» оқу-жаттығуы. LIVE

Еліміздегі сейсмикалық қауіпті аймақтың бірі - Алматы.

Егер жер сілкінісі бола қалған жағдайда құтқарушылар қалай жұмыс істейді? Осыған байланысты дайындық шараларын пысықтау мақсатында «Жер-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Екі тәулікке жалғасқан шараның алғашқы күнінде көпшілікке зілзала кезінде өзін қалай ұстау керектігі түсіндірілді. Ал бүгін күні жедел штаб құрылды.