Болашақта Қазақстанның оңтүстігінде зәйтүн өсіріледі

Тунистің ауыл шаруашылығымен жасалған келісімге сәйкес Солтүстік Африка мемлекеті мамандарын жіберіп, озық тәжірибемен бөліседі.

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы елімізге азық-түлік пен ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастықты дамытуды көздеп келген делегацияны қабылдады. Тунистің Ауыл шаруашылығы, су ресурстары және балық шаруашылығы министрі Абдел Монем Белати бастап келген делегация құрамында 7 кәсіпорын өкілдері бар. Олар қазақстандық әріптестерімен, алыс-беріс орнату мақсатында көлік-логистика мәселесін талқылайды. Қазақстан Туниске бидай, ал Солтүстік Африка мемлекеті бізге құрма және зәйтүн өнімдерін жеткізуге ниетті. Екі ел арасында туризмді дамыту жолдары да қарастырылады. 

Ерлан Байдәулет, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының бас директоры:

- Осы 2 күннің ішінде бізде өте жақсы маңызды кезедсу өтіп жатыр. Соның аясында бізде жаңа министр Айдарбек Сапаровпен бірге кездесу болды. Сол кездесу аясында өте жақсы келісімшарттар, маңызды мәселелер талқыланды.