2024 жылы азаматтар саусақ ізін тіркейді

2024 жылы 1 қаңтардан бастап жеке басты куәлдандыру құжаттарын алу кезінде міндетті дактилоскопиялық тіркеу енгізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

16 жасқа толған кез келген азаматтан саусақтың попилярлық үлгілері мен олардың құрылымдық ерекшеліктері туралы ақпарат алынады. Ал 12 жастан 16 жасқа дейінгі балалар саусақ ізін өз еркімен немесе ата-анасының рұқсатымен тапсыра алады. Бұл талап Қазақстан аумағында тұратын шетел азаматтарына да ортақ.

Нұржан Жанабаев, ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің аға инспекторы:

- Жеке тұлғалардың биометриялық сәйкестендіруді жетілдіруге бағытталған. Бұл өз кезегінде заңсыз құжаттандыру фактілерін болдырмауға және де жалған құжаттарды жасаудан иелерін алаяқтық және басқа да қылмыстық әрекеттерден қорғауға мүмкіндік береді. Екіншіден, шетелдерге шығу кезінде мемлекеттік шекараны кесіп өту рәсімін жеңілдетуге бағытталған.