«Кітап-Amanat» жобасы бастау алды

«AMANAT» партиясы мұрындық болған бастама отандық әдебиеттің өрісін кеңейтуді көздейді.

Сондай-ақ жас қаламгерлерді тану мен кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Жоба аясында партия мен баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар қауымдастығы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Оған сай баспаханалар дүкендерді қолжетімді бағадағы кітап қорымен қамтамасыз етеді. Тек отандық әдеби туындылар ғана емес, әлемдік бестселлерлер де қамтылады.