Елде «Сіздің учаскелік полицей» науқаны өтіп жатыр

Елде «Сіздің учаскелік полицей» науқаны өтіп жатыр

Тұрғындардың түнгі тыныштығын бұзатындар қатары азаймай тұр.

Әсіресе көппәтерлі үйлердің төменгі қабатында орналасқан сауықтыру орындары халықтың мазасын алып жатады. Мұндай жағдай үлкен қалаларда жиі кездеседі. Қазір республика бойынша «Сіздің учаскелік полицей» науқаны өтіп жатыр. Тәртіп сақшылары жыл басынан бері «тыныштықты бұзғаны» үшін 79 мың адамды жауапқа тартқан.

Бұл Астанадағы Ақмешіт көшесінде орналасқан танымал сауықтыру орындарының бірі. Демалыс сайын мұнда жүздеген адам жиналып,, көңіл көтереді. Кальянның көк түтіні мен дауысы жер жаратын музыка тұрғындардың мазасын әбден алып бітті. Заңға сәйкес азаматтардың тыныштығын түнгі сағат 22.00ден таңғы 9.00ге дейін бұзуға болмайды.

Азамат Садықов, Есіл ауданы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары:

-  Бірнеше қабатты үйдің астында орналасқан, тұрғындардан құқық бұзушылық жайлы ақпарат түседі. + Астана қаласы аумағында осы түнгі ойын-сауық орталықтары бар, кафе барлар бар. Астана қаласы тұрғындарынан шағымдар түсуде. ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 437 бабына сәйкес жауапкершілікке татрту мәселесін қарастырамыз.

Бұл кодекске сәйкес,, жеке тұлғаларға 5, ал заңды тұлғаларға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Жыл басынан бері Астанада "тыныштықты бұзған" 15 мың адам жауапқа тартылды. Оларға салынған айыппұлдың жалпы көлемі 130 миллион теңгеге жуықтайды.

Сағат түнгі 11-лер шамасында бір ойын-сауық орнынан,, кәмелетке толмаған қыз анықталды. Қыдырып емес барменнің көмекшісі ретінде жұмыс істеп жүр екен. Тәртіп сақшылары оны учаскеге бірден алып кетті. Онда қыздың ата-анасын күтеді. Бұған қатысты мекеме басшысы 34,500 теңге, ал жасөспірімнің заңды өкілі 10 мың теңгеден астам айыппұл арқалады.

Авторы: Альмира Оразбай