Қазақстан азаматы Болгариядан экстрадицияланды

Террористік топтың жұмысына қатысты деген күдікпен Болгариядан Қазақстан азаматы экстрадицияланды.

Ол халықаралық іздеуде жүрген. Бас прокуратураның мәліметі бойынша, 2015 жылы Сирия Араб Республикасына барып, террорлық топтың құрамында болған. Биыл мамыр айында Болгария аумағында ұсталған. Қазір Астана қаласының тергеу абақтысында отыр. Оны экстрадициялау Болгариямен арадағы күдіктілерді ұстап беру туралы екіжақты шарт бойынша жүргізілді.