Атырау облысында ауылдарға ауызсу жеткізіледі

Атырау облысында елді мекендерді ауызсумен қамту көрсеткіші 99,7%-ке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыс бойынша 153 елді мекеннің 132 орталық ауызсу құбырына қосылды. Атырау қаласы бойынша тәулігіне 180 мың текше метр су беретін стансаның құрылысы басталды. Құрылыс аяқталғанда облыс орталығының іргесіндегі ауылдар толықтай таза ауызсумен қамтылады. Сондай-ақ Махамбет ауданындағы 12 елді мекенді ауызсумен жабдықтайтын су тазарту қондырғысын қайта жаңғырту жобасы қолға алынды. Бағасы 5 млрд теңге болатын жоба келер жылы аяқталуы тиіс. Биылғы жылдың аяғына дейін тағы 8 ауылға су құбыры тартылады.

Асан Нұрғалиев, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:

- Қызылқоға ауданының «Былқылдақты», «Сарқұмақ», «Тасқұдық» деген елді мекендер. Жылдың аяғына дейін. Келер жылға 4 елді мекеннің жобалық құжаттамасы жасақталған. Ол жұмыстар 2024 жылы басталады. Құрманғазы ауданы бойынша қалып тұрғаны «Қошалақ» пен «Алипов» елді мекені. Оларды көшіру мәселесі қаралады.