Жетісуда жел электр станциясы салынады

Жетісу облысында да қуаты 1 Гигават болатын жел электр станциясы салынады.

Ілкімді жобаны жүзеге асыруға араб кәсіпкерлері 1,8 миллиард доллар көлемінде қаржы құяды. Бұл жайында Қасым-Жомарт Тоқаев пен ACWA Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Абунайяның кездесуінде мәлім болды. Мұхаммед Абунайян компанияның Қазақстандағы үлесін кеңейтуге және жасыл энергетика секторындағы жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін жеткізді.