«ҚазАвтоЖол» алыс жолға шықпауды ескертеді. LIVE

Көктайғаққа байланысты Астанадан 5 бағытта қатынайтын республикалық тас жолдары жабылды.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының жедел ақпаратына сәйкес, Қарағанды, Көкшетау, Астраханка, Қорғалжың және Шідерті бағытындағы жол жабық. Бұдан бөлек Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай және Ақмола облыстарында да көліктердің жүруіне шектеу қойылған. Жолдағы қауіпсіз қозғалыс үшін қандай шаралар жасалып жатыр?