Қостанай облысында көктайғақтың кесірінен жолдар жабылды

Кешелі бері жаңбыр жауып, жолдарды көктайғақ басуына байланысты Қостанай облысы бойынша 11 жол бағытында көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Күндізгі ауысымдағы барлық мектеп оқущылары мен колледж студенттері қашықтан оқуға ауыстырылды.

Ауа райының бұлай күрт бұзылуы қала ішінде біраз ыңғайсыздық тудырды.  Жүк көліктері мен автобустардың орындарынан қозғалуы қиынға соқты. Сол себепті әр жерде кептелістер туындады. Жұмыстан шыққан жұрттың үйлеріне жетуі мұң болды. Өткен түнде 80-нен астам техника көше жолдарына құм, тұз септі. Қалалық әкімдік таратқан ақпаратқа сүйенсек, бүгін қоғамдық көліктер кестеге сай қатынайтын болады  Ал ауа райын болжаушылар бүгін Қостанайда төрт градусқа дейін нөлден жоғары болса, ертең минус 10 градусқа суытады деп отыр.