Астанада көктайғаққа байланысты дәрігер көмегіне жүгінгендер саны артты

Астанадағы көктайғаққа байланысты 180 адам дәрігерлер көмегіне жүгінген.

Олар далада тайып құлап, жарақат алғандар. Зардап шеккендердің 15-і бала. Ақ халаттылар 13 адамға операция жасаған. Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты мамандар көшеде жүргенде абай болуға шақырады. Егер қажеттілік туындамаса үйден шықпаған абзал.