Кентаудағы жылу орталығы қайта іске қосылды

Кентаудағы жылу энерго орталығы 10 минутқа өшіп қалды.

Екпінді желдің салдарынан қазандықтардың жұмысы тоқтаған. Бірақ әлеуметтік желіде жылу орталығындағы апат жайында түрлі ақпарат тарап жатыр. Себебі қаладағы көпқабатты үйлерде жылу күші төмендеген. Қазір ауа райының қолайсыздығына байланысты жарық жиі сөнеді. Осы мәселеге қатысты Кентау қаласы әкімінің орынбасары тұрғындарды сабырға үндеп, энерго орталықтың қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатқанын айтты. Бүгін екпінді желден өшіп қалған абоненттерді қуат көзіне қосу жұмыстары жүріп жатыр.

Қуаныш Ысқақов, Кентау қаласы әкімінің орынбасары:

- Қалалық жылу энерго орталыққа келетін екі негізгі желіде жарық сөніп қалды. Салдарынан жылу энерго орталық толығымен 10 минутқа өшіп, қайта іске қосылды. Қазіргі таңда жылу энерго орталық штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. ТЭЦ жылу беріп жатыр қазіргі таңда.