Алматыда бас шыршаның шамы жағылды

Оның биіктігі 20 метр. Шырша Абай алаңына орнатылды.

Іс-шара мерекелік бағдарламаға ұласты. Концертте қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Олардың қатарында әншілер Роза Рымбаева, Мәдина Сәдуақасова, Әли Оқапов пен   «Жігіттер», «Кешью», «Ринго» сияқты музыкалық топтар бар. Мегаполисте бұдан өзге тағы бірнеше алаңға шырша қойылды. Тіпті «Медеу» спорт кешеніне барғандарды әсем безендірілген шырша қарсы алатын болады. Ал 25 желтоқсанда Аяз Аталар шеруі өтеді. 31-де «Астана» алаңында танымал әншілердің қатысуымен концерт жоспарланған. Оның соңы мерекелік отшашуғаласады.

Ғани Майлыбаев, қалалық мәдениет басқармасының басшысы:

- Барлық ауданда фестиваль ұйымдастырылатын болады. Шалғай аудандағы тұрғындар өздерінде өткенін қалайды.Өзінің ауданында мерекенің сезілгенін қалайды.Барлық ауданда фестиваль ұйымдастырылатын болады. Ол жерде концерт, ол жерде жәрмеңкелер, түрлі отбасылық ойындар ұйымдастырылады. Осы жерде бүгіннен бастап 31 желтоқсанға дейін мерекелік шара ұйымдастырылады.