Еліміздің 18 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алдағы 2 күнде еліміздің бірқатар аумағында жаңбыр жауып, жел, тұман, көктайғақ болады.

Осыған байланысты метеорологтар 18 өңірде дауылдық ескерту жариялады. Қатты жауын елдің батыс аймақтарында жауады. Ал оңтүстікте ауа райы тұрақты: күндіз 14 градус жылы болады, ал түнде сынап бағанасы +5-ті көрсетеді. Елордада күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы минус 2 градусқа, ал  түнде 9 градусқа дейін төмендейді. Желдің екпіні секундына 5 метр болады. Еліміздің барлық аймағында көлік қозғалысына шектеу жоқ.