Ақтаулық оқушыны Президенттің өзі құттықтады

Ақтаулық Бекарыс Болатбайды да жаңа жыл қарсаңында Президенттің өзі құттықтады, деп хабарлайды 24KZ.

4-сынып оқушысы Мемлекет басшысына  арманы туралы айтып, хат жазып жіберген екен. Арнайы мектепте білім алатын бала спортқа, оның ішінде футболға құмар. Сондықтан жаңа доп пен спорттық аяқ киім сұраған. Жауап көп күттірмеді. Оған Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыйлығы табыс етілді. Салтанатты шараға оқушының інілері мен анасы да куә болды.

Динара Қожанова, қала тұрғыны:

- Үлкен балам апайымен отырып, Аяз атаға деген арманын жазған. Жалпы балам спорттық үйірмеге қатысатын еді. Сол доп-доп деп, арманына допты жазған екен. Баламның қуанышында шек жоқ.