«Тілектер шыршасы» науқаны бүлдіршіндердің көңілін көтерді

Биыл Астанада «Тілектер шыршасы» науқаны шеңберінде Президент атына балалардан мыңнан астам хат келіп түсті, деп хабарлайды 24KZ.

Басты мақсат – арманы асқақ бүлдіршіндерді қолдап, олардың көңілін көтеру. Елордада тағы «Жақсылық шыршасы» қайырымдылық акциясы басталды. Әкімдік өкілдері үйлерді аралап, балғындарға қуаныш сыйлап жүр. Көбіне аз қамтылған жанұялар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар және мүмкіндігі шектеулі немесе онкологиялық дерті бар бала асырап отырған отбасылар қамтылды. Бағалы сыйлықтардың ішінде велосипед, веложолақ, баланың ой-өрісін дамытуға арналған аудиоқұрылғылар, спорттық костюм, сондай-ақ парта мен орындықтар бар. Қайырымдылық науқанына мемлекеттік мекеме қызметкерлері, қалалық мәслихат депутаттары, белгілі спортшылар мен мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты.

Қасымхан Сенғазиев, қалалық білім басқармасының басшысы:

- Балалардың көңіл күйі жақсы. Барлығы қуанып, өздерінің ризашылығын білдіріп жатыр. Акция әрі қарай жалғаса береді. Бүгін, ертең кешке дейін балаларға сыйлықтарды табыстаймыз. «Тілектер шыршасы» бізде қаланың 2 жерінде болды. Балалар үйінде және ЭКСПО алаңында болды.