Ұлттық индикатор қайта қаралуы мүмкін

Ұлттық индикаторларға тексеріс жүргізіліп, олардың кейбірінің мәртебесін қайта қарау қажет.

Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесінің жетінші отырысында айтылды. Сарапшылар өзекті индикаторлар санатына иммундау кезеңінде вакцина алған азаматтардың үлесін, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін, парниктік газ шығарындыларының көлемі бойынша көрсеткіштерді қосуды ұсынып отыр. Бұл Қазақстанның орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуі жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.