Азат Перуашев алматылық кәсіпкерлермен кездесті

Алматыдағы бетон өнімдері мен құрылыс ерітінділерін шығаратын кәсіпорын жабылу алдында тұр, деп хабарлайды 24KZ.

Қадағалау органдары зауыт санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұзып, қоршаған ортаға зиян келтіріп жатыр деп есептейді. Алайда кәсіпорын өкілдері соңғы 10 жылда қоршаған ортаға шығатын зиянды қалдықтар көлемі айтарлықтай азайтылып, тиісті талаптар сақталып отырғанын алға тартып отыр.

Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев кәсіпорын басшылығымен кездесіп, мәселені шешу жолдарын талқылады. «Мемлекеттік қадағалау органдарының әрекеті заңсыз», - дейді депутат. Санитарлық нормаларға байланысты зауыттар мен кәсіпорындардың жұмысына шектеулер қою қазір бүкіл республика бойынша байқалып отыр. Перуашев бұл мәселені Бас прокуратураның назарына ұсынатынын жеткізді.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бұл проблеманы жарты жыл бұрын Мәжілістің Экономикалық даму мен аймақтық саясаты комитетінде талқыладық. Сол отырыста өкілетті органдарға арнаулы ұсыныстар шығарылды. Бірақ мына зауыт өкілдерінің айтуынша, ешбір мемлекеттік тиісті органдар тиісті шешім қабылдаған жоқ және де, өкінішке қарай, зауыттардың өндірісінің көбі бұл отандық өндірісшілеріміз ғой, бұлар енді жабылу