Құнды құжаттар цифрландырылып жатыр

Семейдегі мемлекеттік архив қызметкерлері 650 мыңнан астам құжатты сандық технологияға көшіреді.

Бұл шамамен 90 миллионға жуық бет. Мекеме құнды жәдігерлерді электронды нұсқаға көшіру жұмысын 2007 жылы бастаған. Осы уақыт аралығында құжаттардың тек бір пайыздан астамы цифрландырылған. Өйткені маман тапшы. Осы жұмыспен 3 адам ғана айналысып отыр. Сондықтан мұрағатшылар: «Қордағы дүниелерді межелі мерзімге дейін жаңа форматқа ауыстырып үлгере алмай қаламыз ба», - деп алаңдаулы. Айта кетейік, елімізде 2018 жылы жеті жылдық «Архив 2025» бағдарламасы қабылданған болатын.

Арман Мұсаханов, облыстық мемлекеттік архиві ақпараттық технологиялар бөлімі басшысы:

- Енді ол, әрине, штатқа байланысты. Ол техникаға да байланысты. Бірақ осы «Архив 2025» бағдарламасы аясында бізде көптеген техника алынған болатын. Жұмыс жүргізіліп жатыр. Есеппен айтқан кезде 40-50 жылдың шамасы ғой. Әрине, бізге жыл сайын көптеген құжат тапсырылады. Ол үздіксіз жүретін үрдіс.