Заңсыз ақша айбырбастағандар сотталды

Ақша айырбастау пунктінің жұмысын заңсыз жүргізгендерге қатысты сот үкімі шықты.

Олар криптовалютаны қолма-қол ақшаға айналдыруда лицензиясыз қызмет көрсеткен.

Бұл жайлы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді.

Қылмыскерлер заңсыз кәсіп арқылы аса ірі көлемде табыс тауып келген. Белгілі болғандай, олардың ақша айналымы 15 млрд теңге болған. Тұтынушылардан 1,5 мен 2,5 пайызға дейін сыйақы комиссия алып отырғаны да анықталды. Қазір қылмыскерлердің кінәсі дәлелденіп, бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, дүние мүлкі де тәркіленді.

Әлібек Әбділов, Қаржылық мониторинг агентігінің ресми өкілі:

- Мемлекет кірісіне криптовалюта әмиянының балансындағы 22894,5 USDT мөлшерінде қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер, 328 мың доллар және 7 млн теңгеге жуық ақша тәркіленді. Сот А. В. Кучуковтің мүлкін тәркілеп, 3 жыл мерзімге, ал Е.Т. Садыровтың мүлкін тәркілеп, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.