Маңғыстау облысында 80 мың га жер мемлекетке қайтарылды

Маңғыстау облысында 80 мың гектардан асатын жер мемлекетке қайтарылды.

Прокурорлардың айтуынша олардың арасында олигополия субъектілеріне тиесілі Каспий теңізі бойындағы «алтын учаскелер» бар. Мемлекет меншігіне қайтарылған жылжымайтын мүлік 9 миллиард теңгеге бағаланады. Бұдан бөлек, аймақта рұқсатсыз салынған ғимараттарды сүру жалғасып жатыр. Былтыр сот арқылы заңсыз салынға 32 нысан бұзылған. 35 құрылыс мекемесі үлескерлер ақшасын тартып алғаны үшін айыппұл төлейді. Тағы 5 құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды.

Мерген Меңдіғалиев, облыстық прокуратураның басқарма басшысы:

- Мемлекетке 115 жер учаскесі қайтарылды. Ірі көлемдегі жер учаскелері бұдан 10 жыл бұрын иелікке берілген. Бұл жер учаскелері мониторинг қорытындысымен біз заңсыз берілгенін және көп жылдар бойы игерілмей тұрғанын анықтадық. Нәтижесінде, уәкілетті органға заңбұзушылықтарды жою туралы ұсынымды енгіздік. Соттың актілері қазір күшіне енді. Жер учаскелері толығымен мемлекет меншігіне қайтарылды.