Қазақ тілін тегін үйренуге болады

Иә, көңілге медеу болары мемлекеттік тілді үйренуге ынталылар қатары жыл өткен сайын көбейіп келеді.

Ақылы курстардан бөлек тегін курстар да бар. Мұнда жылына 150 адам қазақша үйреніп шығады.

Владислав Теннің Қазақстанда тұрғанына 14 жыл. Ұлты кәріс. 5 тілде еркін сөйлейді. Астанада арнайы қазақ тілін оқытатын орталығы бар. Бұл күнде өз тобында 20 адам тіл үйреніп жүр. Сондай-ақ өзінің методикасымен арнайы «Қазақ тілінің грамматикасы» атты кітап жазуда. Кейіпкеріміз «Үйренем деген адамға ешқандай тіл қиын емес дейді.

Владислав Тен, қазақ тілі мұғалімі:

- Қазақстанда тұрамын. Қазақ тілін білуім керек. Мемлекеттік тіл ретінде білуім керек. Қиындықтар болмады. Білесіз бе егер ынта болса, қалау болса кез келген тіл үйренуге оңай болады. Қазақ тілін білесіз ғой. Түркі тілдерінің бірі ғой. Ал Түркі тілдерінің грамматикасы мүлде қиын емес.

Астана қаласындағы Руханият мекемесінде қазақ тілін үйрететін тегін курс бар. Мұнда қала тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер келіп білім ала алады. Тіл үйренушілер тек курстарға ғана қатысып қоймай, қазақ тіліндегі театр мен спектакльдерге барып, әртүрлі проза, поэзия сайыстарына да қатысады.

Сағын Барықбайқызы, оқытушы:

- 2023 жылы толық 2 кезеңде 1500 тыңдаушы білім алды. Сол 1500 тыңдаушының 420 тыңдаушысы басқа ұлт өкілдері. Жылдың басында біз өтініштер қабылдаймыз. Оны екі кезеңге бөлеміз. Соның ішінде бізде 2000-2500-ге дейін өтініш түседі. Бірақ біз соның 1500 адамын жоспар бойынша оқытып шығарамыз.

Елде қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтуге де, дамытуға да еш кедергі жоқ. Тек тілді меңгерудегі басты шарт – ниет пен қажеттілік.

Авторлары: Зарина Кәп, Наурызбай Құрманғазы, Мұрат Арипханов