Атырау облысында 373 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Атырау облысында 373 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Былтыр атқарылған шара жөнінде өңірлік мемлекеттік қызмет істері департаментінің өкілдері мәлімдеді.

Арыз-шағымдарды қарау кезінде қызметшілерге іс-сапар шығындары, еңбекақы мен жәрдемақы төлемдерінің өсімпұлдары төленді. Сонымен қатар лауазым иелері тарапынан жас қызметшінің жұмысын бағалаудағы кемшіліктер анықталды.

Ерлан Ермаханбетов, облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы:

- Көп жағдайда мемлекеттік қызметші әсіресе жас қызметші өз басшыларына қатысты немесе өзінің лауазымды тұлғаларына қатысты арыздана бермеуі мүмкін. Сондықтан біздің департамент өкілетті орган ретінде сол мемлекеттік қызметшілерге қолданылған тәртіптік жазалар төленетін төлемдер іссапар шығындары және еңбек демалыстары құқықтарын қалпына келтіріліп жатыр.