Елде педофилиямен күрес күшейеді

Педофилдерді өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы күтеді.

Кәмелетке толмаған баланы өлтіргендер де ғұмырының соңына дейін темір торға қамалуы мүмкін. Ал бала ұрлағандар 15 жылға дейін сотталады. Былтыр балаларға қатысты 2 жарым мыңдай қылмыс жасалған. Мәжіліс депутаттары әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігіне қатысты заңдарға өзгеріс енгізуге мүдделі. Бүгін таныстырылған заң жобасында, кәмелеттік жасқа толмағандарға зәбір көрсеткендерге әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті күшейту қарастырылған.

Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Сонымен қатар педофилиядан бостандыққа шыққандарды құқыққорғау органдары өмірбақи қатаң бақылауда ұстау қажет. Біздің елімізде бірнеше факт болды, педофилиямен жазасын өтеп, қайтып келіп, педофилияны одан әрі күрделі негізде жасаған қылмыстарымыз бар, сондықтан осы қылмыстарды болдырмау және алдын алу үшін өте маңызды.